astana-view

Тауарлардың кей түрлеріне отандық зертханалар мүлдем сертификат бере алмайды

2014 жылғы 23 Маусым
2428 просмотров

Отандық кәсіпкерлер әкелген тауарларын сертификациядан өткізу үшін 3 аптаға дейін уақыт жоғалтып жүр. Арнайы зертхана қызметі мен сертификат алу екі есе шығынға ұшыратады, - деді біздің арнамызбен тілдескен кәсіпкерлер. Және бұндай тексеріс өткізетін зертханалар тапшы, ал болған күнде рұқсат құжаттары болмайды. 

Мысал үшін, өңірлік зертхананың арнайы киімді сертификациялауға рұқсаты болғанымен, арнайы аяқ киімге тиісті құжатты бере алмайтын көрінеді. Есесіне тауар өзге қалаларға зерттеуге жіберіліп, қосымша шығын тауардың соңғы бағасына әсер етеді. 

Аталмыш мәселелер Орталық коммуникациялар қызметі орталығында талқыланды. Кәсіпкерлер ұлттық палатасының мүшесі Екатерина Никитинская лабораториялар неғұрлым көп, әрі әлдеқайда сапалы болу керек, деп есептейді. 

Екатерина Никитинская, ҚР ҚҰП басқармасының мүшесі: 

Қазақстанда лабораториялар жетіспейді. Болған күнде де арнайы қондырғылары болмайды. Зерттеуді өткезетін маман тапшылығы тағы бар. Тауарлардың кей түрлеріне отандық зертханалар мүлдем сертификат бере алмайды. Біз қазір машина жасау саласы бойынша қандай лабораториялардың қажет екенін, қандай қондырғы алу керек, қай салаға инвестиция тарту керектігін қарастырып жатырмыз. Бізге жалпы экономиканың барлық салаларында не бар, не жоғын бір тексеріп алған жөн. 

Дерекнамасы: Астана ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер