astana-view

«ҰКП Съезі – бизнес өкілдері үшін таптырмас тәжірибе алмасу алаңы» - А. Бейсенбинов

2014 жылғы 26 Маусым
2367 просмотров

Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметовтің қатысуымен бірінші съезі өткені белгілі. Айтулы шараға Павлодар облысындағы кәсіпкерлер палатасының 7 өкілі қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі аталмыш мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елімізде ұйымдастырылған алғашқы сьездге 232 делегат қатысқаны белгілі. Шара барысында 2030 жылға қарай біз шағын және орта бизнес арқылы ЖІӨ-нің 40%-ын қамтамасыз ету мақсаты көзделді. "Бұған дейін кәсіпкерлер қауымы басына төнген мәселелермен жалғыз күресіп келгені мәлім. «Жалғыздың үні шықпас» - дейді халық. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуымен біздің де «көзіміз ашылды». Отандық бизнеске қатысты қандай мәселе болмасын өз пікірімізді ашық білдіріп, ұсынысымызды бүкпесіз айта алатындай деңгейге жеттік. Ең бастысы, сол пікірлеріміздің аяқсыз қалмайтынын көрдік. Бұған, кеше ғана Елорда төрінде өткен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының І Съезі дәлел. Біріншіден, Палата мемлекет пен бизнес арасындағы алтын көпірге айналды. Екіншіден, бұл – бүгінгі таңдағы ҰКП-ның биік беделінің дәлелі. Палатаның алғашқы Съезі еліміздің әр өңірінен жиналған 300-ге жуық делегаттардың басын қосты. Осы ретте, мына жайтты түсіндім. Біз көп жағдайда өз қазанымызда өзіміз қайнап жүре береді екенбіз. Бір елде тұрып қай өңірде қандай өндіріс орындары бар, нендей тауарлар шығарылатынынан хабарсыз болдық. Соның салдарынан, өз елімізде өндірілетін отандық тауарларды тұтынбай, өндірісімізге қажетті шикізаттарды шетелден тасымалдап келген жағдайымыз бар. ҚР ҰКП-ның алғашқы Съезі барысында ұйым, кәсіпкерлердің алдына бірнеше мақсаттар қойылды. Палата жұмысының 2017 жылға дейінгі даму стратегиясы құрылды. Біздің басты мақсатымыз – 2030 жылға дейін ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін 40 пайызға жеткізу. Бұл мақсаттарды абыроймен орындайтынымызға сенімдімін. Себебі Кәсіпкерлер палатасы қазірдің өзінде үлкен күшке айналды. Және біздің басты құндылығымыз – бизнестің бірлігінде", - дейді Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, ҚР ҰКП Съезінің делегаты Амангелді Бейсенбинов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер