astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ел экономикасындағы маңызы зор

2014 жылғы 25 Маусым
2414 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға сүбелі үлесін қосады.  Аталған палатаның Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Палатаның бірінші съезінде Тимур Құлыбаев Ұлттық палата шешімдер қабылдау деңгейіне дейін өсуі тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол  съезге қатысушыларға қарата: «Біз сіздердің тәжірибелеріңізді, білімдеріңізді, беделдеріңізді еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту ісіне пайдаланамыз», – деді.

Бұдан бөлек, Тимур Құлыбаев «Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Үкіметтің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алдына жүктеген 2050 жылға қарай экономиканы әртараптандыруды 50 пайызға жеткізу міндеті тұр», – деді.

Дерекнамасы: Егемен Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер