astana-view

ҰКП мен ERG ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2014 жылғы 05 Шілде
2270 просмотров

Бүгін еліміздің Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен Еуразиялық өндірістік топтың төрағасы Александр Машкевич ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Аталған құжат арқылы тараптар геологиялық барлау, Қазақстанның минералдышикізат қорын тиімді игеру ісіне инвестиция тартуды мақсат етеді. Сондай-ақ теміржол тасымалы, оның ішінде жанар-жағармай тасымалы саласындағы тарифтік реттеулер әдісін жетілдіру көзделуде.

Тимур Құлыбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныңтөралқа төрағасы:

- ERG Қазақстанда көптен бері жұмыс жасайды. Әрдайым әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетеді. Мысалы 2012 жылы компания тұрғынүй бағдарламасына 2 млрд. теңге қаржы бөлсе, демеушілік және қайырымдылыққа жыл сайын 16 млрд. теңге бөледі. Сондықтан мұндай алып компаниямен байланыс орнату біз үшін маңызды болып табылады.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер