Құзырлы органдар кәсіпкерлерге қысым көрсетуін қояр емес
Қарағандылық құзырлы органдар кәсіпкерлерге қысым көрсетуін қояр емес.
Бұл жолы жергілікті «Виста» жеке кәсіпорны жапа шегіп отыр. Балық өсіретін мекеменің жұмысы жоқ жерден тоқтатылып, иелігіндегі меншік тартып алынған. Кедергіден көз ашпаған басшылары болса, бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп шағымданды. Аталған мәселе арнайы кеңесте қаралып,жауапты сала мамандарына заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс жасалды. Сонымен қатар Кеңес төрағасы Азат Перуашев өз қызметіне салғырт қарағандар жауапқа тартылуы тиіс деп сөзін түйіндеді. Сондай-ақ жиында отандық кәсіпкерлердің қызметіне кереғар келетін 10-ға жуық мәселе қаралды.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Өздеріңіз білесіздер Елбасымыздың бастамасымен шағын және орта кәсіпке, жалпы жеке меншік кәсіпкерлікке мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге тырысып жүр. Өкінішке орай, кейбір жерде қолы таза емес шенеуніктер кездесуде. Олар бизнеске кездергі жасауда. Тіпті ашық орын алған оқиғалар да болуда.
Дерекнамасы: 24KZ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: