astana-view

Бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігі артпақ

2014 жылғы 09 Шілде
2960 просмотров

Еліміздің үкіметтік емес ұйымдары бизнес өкілдерін қоғамның әлсіз топтарына қол ұшын беруге шақырады.

Осыны ескерген ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еуразия Орталық Азия» қорымен бірлесіп, бизнестің корпоративтік әлеуметік жауапкершілігі туралы Ұлттық тұжырымдама әзірлеген болатын. Бүгін аталған жобаны Қазақстанның азаматтық альянсы және қала әкімдігімен бірлесе отырып талқылады. Бұл еліміздегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруда бірыңғай жүйе қалыптастыруды көздейді. Яғни қандайда бір ісін бастаған кәсіпкер қоғаммен санаса отырып жұмыс істеу керек. Айта кету керек, бизнестің ел алдындағы жауапкершілігін ынталандыруға бағытталған құжаттың жобасы Үкімет қарауына жіберілді.

Талғат Доскенов, ҚР ҰКП Әлеуметтік сала және әріптестік комитетінің төрағасы:

- Бүгінде бизнес қоғаммен санаса отырып бірге жұмыс істеуі керек. Сонда ғана өзара түсіністік пайда болады. Қазірде отандық бизнес өкілдері көптеген қайырымдылық шараларына қатысып отырады. Мысалы көпбалалы отбасылар мен жалғыз басты аналарға жүз үйдің құрылысын бастап жатыр. 

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер