astana-view

Бизнес жүргізудің 30 мың дана анықтамалығы жарық көрді

2014 жылғы 10 Шілде
2055 просмотров

«Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» анықтамалығының 30 мың данасы басылып шықты.

Жобаны әзірлеген ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы оқулықты еліміздің барлық өңірлеріне жібермек. Енді жоба құны 10 миллион теңгеден аспайтын кәсіп бастағысы келгендер анықтамалықты тегін алып, ондағы пайдалы ақпаратты кәдеге жарата алады. Оқулықта шағын бизнестің 100 идеясы жинақталған. Сонымен қатар кәсіп ашу үшін қажетті қаражат пен болашақ табыстың есебі мен шығынның өтелу мерзіміне дейін көрсетілген. Аймақтардағы ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдіктері кәсіби менеджерлер сабақ беретін курстар ашпақ. Осының арқасында елдегі бизнесмендер саны едәуір артады деп күтілуде.

Нұржан Әлтаев, ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары:

- Ауыл тұрғындары бизнесті бастау үшін қаржыны қайдан алуды білмейтіндігін көрдік. Ең бірінші рет 5 мың дана басылып, Оңтүстік Қазақстанда таратылған. Қазір көріп отырмыз, сол ауыл тұрғындары өз шағын бизнестерін бастап келе жатыр.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер