astana-view

ОҚО-да кәсіпкерлердің құқығы қорғалуда

2014 жылғы 15 Шілде
2275 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдерінің құқығын қорғап, нақты қолдау көрсетіп жүр.

Палата мамандары араласқан соң бірнеше кәсіпкерлік нысанға қозғалған әкімшілік және қылмыстық істер қысқартылды. Облыстық прокуратура және қаржы полициясымен бірлесе жүргізілген жұмыстар нәтижесінде монополияға қарсы инспекциясы тарапынан макарон фабрикасына қатысты қозғалған әкімшілік істің негізсіз екені анықталған. Бәсекеге қайшы келетін келісім жасап, бағаны негізсіз көтерді деп айыпталған кәсіпорынды жіті тексеру барысында мұндай әкімшілік-құқық бұзушылықтың орын алмағаны белгілі болды. Әкімшілік сотта бұлтартпас дәлелдер келтірген палата сарапшылары кәсіпорынға салынатын 18 миллион 500 мың теңге айыппұлдың алдын алып, негізсіз іс қысқартылды. Тағы бір іс 150 адамды жұмыспен қамтып отырған күнбағыс және мақта майын өндіретін зауытқа қатысты болатын. Қаржы полициясы өндіріс басшысының үстінен бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.

Дәурен Тайыров, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

- Бүгінгі таңда кәсіпкерлер палатасына түскен 98 арыздың 57-сі қаралып, оның 33-і бойынша толықтай кәсіпкерлер құқығы қорғалып, қалған арыздар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер