astana-view

Петропавлда профориентациялық жұмыстарға арналған орталық ашылды

2014 жылғы 01 Тамыз
3223 просмотров

84 жылдық тарихы бар оқу ордасы мектеп бітіруші түлектерді дәстүрге сай қабылдап қана қоймай, жыл сайын оларға мамандықтың қызығы мен қиындығы жайлы алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Колледж директоры, тәжірибелі ұстаз Александр Мерк талапкерлер болашақта айналысатын кәсібін осы бастан саналы түрде таныса дейді. Себебі бұл маңызды қадам оның келешегі мен еңбек жолына оң әсерін береді. Және осыған үкімет тарапынан жақсы қолдау көрсетілуде. 

Александр Мерк, Петропавл гуманитарлық-техникалық коллдежінің директоры

- Жыл сайын оқуға құштар әрбір талапты жасқа мемлекеттен шәкіртақы тағайындалады. Бұл олардың оқуын еш алаңсыз тегін меңгеріп шығуына жасалып жатқан зор мүмкіндік. 

Сондықтан біз мемлекет берген қаражатты далаға шашпай, әрбір жасты оқуға қабылдардың алдынада оның таңдаған мамандығына иекемі, білімі жете ме, оны келешекте іліп әкете ала ма, ең алдымен соны біліп аламыз. Кейін жұмысқа орналасуын қадағалаймыз. 

Қазір гуманитарлық-техникалық коллдежде 14 мамандық бойынша талапкерлерді қабылдау науқаны жүріп жатыр. Дені техникалық бағытта. Оны түсіндіретін комиссия кілең өз ісін мықты білетін мамандардан жасақталған. Олар оқуға келген әрбір адамға таңдаған мамандығы жайлы толық мағлұмат береді. Бұл әрекет әр түлектің кәсіп таңдауда қателеспеуіне үлкен көмек.

Александр Мерк, Петропавл гуманитарлық-техникалық коллдежінің директоры

- Біз үшін әрбір теріскейлік болашақта өзі меңгеріп әкете алатын нақты мамандығын таңдағаты өте маңызды. Көп жағдайда өмірлік бағыт-бағдарды балаларына ата-аналары көрсетіп, үйретіп жатады. Бұл дұрыс емес. Оған мектеп мұғалімдері араласуы қажет. Баланың бойындағы қабілетін жазбай танитын да, негізгі қозғаушы күш беретін ол ұстаз. Сондықтан әрбір түлек мұғалімінің ақылына сүйеніп, өз қалауымен өмір сүруді үйренуі қажет.

Мұнда құжат тапсыруға күніне шамамен 15-ке жуық адам келеді. Надежда Виттихті білім ошағына әпкесі ертіп әкелді. Ол биыл осы колледжді ойдағыдай тәмамадап, жұмысқа орналасыпты. Маркетолог үлкен сұранысқа ие. Сондықта Надежда өз таңдауын осы мамандықта тоқтатыпты. 

Надежда Виттих, талапкер

- Бұл колледждің тарихы тереңде жатыр әрі білім тәжірибесі бай оқу ошақтарының бірі. Сондықтан мен үшін осы колледж қабырғасында маркетолог мамандығын жақсы игеруіме еш кедергі болмайды деп есептеймін.

Айтпақшы, гуманитарлық-техникалық колледжінде жақында профориентациялық жұмыстарға арналған орталық ашылды. Бұл жобаны өңіріміздің білім басқармасы мен СҚО-қ кәсіпкерлер палатасы ел көлемі бойынша алғашлардың бірі болып оқу ордасына енгізіп отыр. 

Гүлмира Каримова, қалалық білім бөлімінің жетекшісі

- Сәуір айында қала әкімдігі мен СҚО кәсіпкерлер палатасы арасында колледждерде осындай профориентация орталықтарын ашу жөнінде меморандумға қол қойылды. Бұл орталық әрбір түлектің болшақтағы таңдаған мамандығына бағыт-бағдар береді.

Орталықтың ашылуына ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Нұржан Алтаев қатысты. Мейман орталықтың жұмысы, материалдық-техниткалық базасымен жақынырақ танысты. 

Нұржан Алтаев, ҚР ҰКП төрағасының орынбасары 

- Көбінесе колледждер мен университеттерде теориялық дайындығы жақсы да, ал практикалық жағынан аз. Сондықтан біз қазір, студент, колледж, кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпорындармен 4 жақты келісім-шартқа қол қоямыз. Бұл ең алдымен 50 де 50 пайызға теориясы мен тәжірибесі ұштасқан жақсы маманды даярлауға мүмкіндік береді. екіншіден, біз еңбек нарығына қандай кадрлар қажет екенін үнемі біліп отырамыз. 3-шіден, студент практикасын өткен сол зауыт әкімшілігі студентті жұмысқа алуға міндетеледі.

Қажетті техникамен жабдықталған орталық жұмысын қыркүйек айында бастайды. Онда арнайы жұмысқа алынған педагог, психологтар әр түлекке диагностика және сауалнама жүргізеді. 

Дерекнамасы: МТРК


Еншілес ұйымдар

Серіктестер