ШҚО-да кәсіпкерлерге арналған кеңес беру орталықтары ашылады
Ағымдағы жылдың маусым айында ҚР Ұлттық банкі мен Кәсіпкерлер палатасының арасында орнатылған меморандумға сәйкес елдің ірі қалаларында кәсіпкерлерге арналған кеңес беру орталықтары ашылды.
Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық банк базасында Өскемен және Семей қалаларында 2 кеңес беру орталығы ашылады. 2014 жылдың 6-13 тамыз аралығында ірі қалаларда өз есігін 22 орталық ашады. Уақыт өте келе дәл осындай орталықтарды аудандарда ашу көзделген.
«Біз бүгінде Ұлттық банкпен бірқатар шараларды ұйымдастырдық, ол бизнестің жұмыс істеуін оңтайландыра түседі. Біздің мақсатымыз – Ұлттық банк, Кәсіпкерлер палатасы және «Даму» қорының қарым –қатынасы арқылы бизнес субъектісінің кедергілерін азайту», - деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.
Жаңа орталықтарда кәсіпкерлерге Ұлттық банк менеджерлері қызмет көрсетеді.
Орталықтарда кәсіпкерлер ШОБ туралы барлық ақпарды ала алады.
Дерекнамасы: Strategy-2050
Пікір қалдыру:
Пікірлер: