astana-view

Кәсіпкерлерге кеңес беретін орталық ашылды

2014 жылғы 12 Тамыз
2546 просмотров

Еліміздің ірі қалаларында кәсіпкерлерге бизнес жүргізуге кеңес беретін 22 орталық ашылды.

Осы орталықта жұмыс істейтін білікті мамандарды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дайындады. Олар кеңестерді тегін береді. Мұнда шағын және орта бизнес өкілдеріне «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қандай қолдау көрсетілетіні жайлы ақпарат беріледі. Сонымен қатар кәсіпкерлер несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі, кепілдік, қаржыландыру бойынша мәліметке «бір терезе» қағидасы арқылы қол жеткізе алады. Орталықта кәсіпкер әйелдерге қатысты бағдарламалар туралы ақпар алуға болады.

Ғани Тасмағанбетов, қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- Қазір палата есеп, менеджмент жүйелерін енгізу т.б. бағыт бойынша сервистік қолдау көрсетіліп жатыр. Ол 7 бағыт бойынша жүреді. Бірақ бізде қаржылық қызметтер жоқ. Сондықтан қолдау мәселері бойынша кеңес беретін адамдар қажет.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер