Ауыл шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласының 2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы дамуы туралы ақпарат
2025 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға басқармаға бюджеттен 56 567,4 млн. теңге қаржы, соның ішінде өсімдік шаруашылығына – 2 626,8 млн. теңге, мал шаруашылығына – 7 183,8 млн. теңге, инвестициялық салынымдарды субсидиялауға – 16 878,8 млн. теңге, несиелердің және лизингтің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға – 11 186,4 млн. теңге, «Халықтың табысын арттыру бағдарламасына» - 5 500,0 млн. теңге, «Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беру» - 13 000,0 млн. теңге, басқа да шараларға – 191,6 млн. теңге бөлінді.
2025 жылдың қаңтар- маусым айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметі 97 651,6 млн. теңгені, соның ішінде өндірілген өсімдік шаруашылығы өнімі – 3 959,6 млн. теңгені, мал шаруашылығы – 93 576,9 млн. теңгені, қызметтер – 115,1 млн. теңгені құрады. Статистикалық ақпарат бойынша нақты көлем индексі 2024 жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне
103,0% – ды, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі – 124,5%, мал шаруашылығы – 102,5% – ды, қызметтер – 100,0% құрады.
2025 жылы ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына 10,6 млрд. теңге инвестиция тартылып, 2024 жылдың сәйкесті деңгейіне 292,6%-ды құрады.
Осы кезеңде ауыл шаруашылығын қаржыландыруға шаруашылықтармен 24 987,3 млн. теңге несие ресурстары тартылып, соның ішінде лизинг бағдарламасы арқылы 8 031,9 млн. теңгеге 953 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен қондырғылары сатып алынды.
Өсімдік шаруашылығы.
2025 жылы 462 мың га алқапта ылғал жабылып, жоспар толығымен орындалды, сондай-ақ 167 мың гектарға культивация жүргізілді.
Бүгінгі күнге облыста барлығы 390,7 мың га (106%) жаздық дақылдар егілді, соның ішінде 205,3 мың га дәнді дақылдар, 121,1 мың га майлы және
60 мың га мал азықтық дақылдар. Бұдан бөлек 4,2 мың га картоп, көкөніс-бақша дақылдары отырғызылды.
Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 633 мың га, соның ішінде дәнді дақылдар 296,8 мың га, майлы дақылдар – 121 мың га, картоп, көкөніс-бақша дақылдары – 4,2 мың га (картоп – 2,1 мың га, көкөніс дақылдары – 1,5 мың га, бақша дақылдары – 0,6 мың га), мал азықтық дақылдар - 211 мың га құрайды.
Егіс жұмыстары аяқталды.
Техника дайындығы және ЖЖМ.
Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын техникалардың барлығы уақытылы жөндеуден өткізіліп, егін жұмыстарына 100% қатысты.
Батыс Қазақтан облысына көктемгі-далалық жұмыстарды жүргізуге
8,4 мың тонна дизель отыны бөлініп, жеткізуші-оператор болып «Petro Retail» ЖШС анықталды. Дизель отынын Орал қаласындағы мұнай базаларынан жіберу бағасы 1 литріне 254 теңге құрады.
Қағиданың 2-қосымшасы, 2-тарауы, 25-тармағына сәйкес, комиссия шешімімен 2,6 мың тонна дизель отыны көлемі (егін науқанының аяқталуына байланысты) мал азығы дақылдарын ору жұмыстары мен күзгі егіс жұмыстарына қайта бөлінді. 2025 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарымен барлығы 7,2 мың тонна дизель отыны сатып алынды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
Мемлекеттік қолдау бағдарламалары.
Биыл өсімдік шаруашылығын субсидиялау мен қызметтер көрсетуге жергілікті бюджеттен 2,0 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде:
1) өсімдік шаруашылығындағы субсидиялау бағдарламаларына 1,2 млрд. теңге бөлінді:
- тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау – 245 млн. теңге;
- тыңайтқыштар құнын субсидиялау – 511 млн. теңге;
- пестицидтер құнын субсидиялау – 197 млн. теңге;
- басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау – 237 млн. теңге;
- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру қызметтерін құнын субсидиялау – 17,0 млн. теңге.
2) қызметтер көрсету үшін:
- тұқымның егу сапасын тексеруге – 38 млн. теңге;
- саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу үшін 726 млн. теңге (192,3 мың га).
Бүгінге 722,1 млн. теңге игерілді.
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру.
Биылғы көктемгі дала және егін ору жұмыстарын қаржыландыруы үшін облысқа 21,4 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 18,4 млрд. теңге («Кең дала 2» - 16,0 млрд. теңге, «Кең дала» – 2,4 млрд. теңге, мөлшерлеме 5%), «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ арқылы 3 млрд. теңге қаралды.
Бүгінде бағдарлама аясында 238 жоба қаржыландырылып, диқандар 10,4 млрд. теңге (49%) жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Кепіл мүлкінің жетіспеушілігі болған диқандар «Даму» АҚ облыстық филиалы арқылы кепілдендіру бағдарламаларына қатысып, 38 несие бойынша 3,1 млрд. теңгеге кепілдік берілді.
Өтінімдерді қабылдау жалғасады.
Егін ору жұмыстары
Бүгінгі таңда 30,0 мың га дәнді дақылдар орылды (10%) орташа 19,9 ц/га өнімділікпен 58,7 мың тонна астық жиналды.
Егін ору жұмыстары жалғасуда.
Мал шаруашылығы
2025 жылдың 1 шілдесіне мүйізді ірі қара 1040,8 мың басты (105,5%) құрап өсіп, қой – 1428,0 мың басты (93,4%), ешкі – 190,4 мың басты (84%), жылқы – 322,2 мың басты (97%), түйе – 2,8 мың басты (97,1%) шошқа – 10,7 мың басты (66,4%), құс – 1143,3 мың басты құрап (87,6%) өткен жылғы деңгейден кеміп отыр.
Мал шаруашылығы саласында 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 48,9 мың тонна тірілей салмақта мал және құс еті өндірілді немесе 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 102,6%-ды құрады. Барлық шаруашылықтар бойынша сүт өндіру 113,9 мың тонна (102,6%), өндірілген жұмыртқа 64,3 млн. дананы (90,1%) құрап отыр.
Облыс бойынша мемлекеттік тіркелімде 146,3 мың бас асыл тұқымды ірі қара малы, 76,1 мың бас қой, 6,7 мың бас жылқы, 258 бас түйе өсірілуде. Асыл тұқымды мал басының жалпы мал басындағы үлесі ІҚМ бойынша – 15,8%, қой – 6,5%, жылқы – 2,2% және түйе 9,8% құрап отыр.
СҚО тәжірибесін тираждау
Облыс тұрғындарының сүт және сүт өнімдерінің қажеттілігі 112 мың тоннаны құраса, қамтамасыз етілу үлесі 22,3% немесе 25 мың тонна.
Сүт және сүт өнімдеріне деген импортқа тәуелділікті азайту мақсатында облыста 2022-2025 жылдарға арналған «Сүт белдеуі» тұжырымдамасы іске асырылуда. Басым бағыт – мемлекеттік қолдауларды кеңейту арқылы жаңа
сүт-тауарлы фермаларын салу, жеке қосалқы шаруашылықтар әлеуетін кеңінен пайдалану, сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейту және сүт өңдеу кешендерінің жүктемелігін арттыру.
2023 жылы облысқа АӨК-дегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру (СҚО тәжірибесін тираждау) бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде бөлінген жалпы сомасы 6,0 млрд. теңге қаражатқа жылына жалпы 11,4 мың тонна сүт өндіретін 4 заманауи сүт-тауарлы фермалары қаржыландырылып, СТФ құру жұмыстарын жүзеге асыруда. Күні бүгінге
СТФ-н 3 жоба іске қосылған болса («Amanat» ШҚ, «Ringo Milk» ЖШС,«Төлеңгіт» ШҚ), енді 1 жоба 2025 жылдың 1 тамызына дейін іске қосылады деп күтілуде («Арыстанов» ШҚ).
2024 жылы Бағдарлама аясында облысқа 5,0 млрд. теңге бөлініп, 3 жоба қаржыландырылды. Олар:
- 2,4 мың тонна сүт өндіретін сүт-тауар фермасын салу (3,8 млрд. теңге, инвестор: «КТК888» ЖШС);
- 200 га суармалы жер енгізу (200 млн. теңге, инвестор «Amaner IZI» ЖШС);
- Сыйымдылығы 2,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасын салу (1,0 млрд. теңге, инвестор «Baystoun» ЖШС).
Күні бүгінге 200 га суармалы жер жобасы пайдалануға берілсе, сүт тауарлы фермасы жобасы осы жыл соңында іске қосу жоспарлануда.
Көкөніс сақтау қоймасы жобасы бойынша инвестор өз міндеттемелерін орындамауына байланысты несие қаражатын бюджетке қайтару бойынша сот шешімі шықты.
2025 жылы Бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 10,0 млрд. теңге қаралып, 13 жобаны қаржыландыру жоспарлануда. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен 3,0 млрд. теңге бөлініп, суармалы жерлерді және басқа да жобаларды қаржыландыру көзделуде.
Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы.
Статистикалық мәліметке сәйкес облыс көлемінде 406 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тіркеліп, соның ішінде 291 кооператив нақты жұмыс істеп тұр. (Жұмыс істеп тұрған кооперативтердің негізін мал шаруашылығы бағыты құрайды, бұл 208-і етті мал шаруашылығы, қалғандарының ішінде 40-ы сүтті бағытқа, 14-ы өсімдік шаруашылығы, 3-і бау-бақша шаруашылығына, 1-і құс шаруашылығы, 20–ы аралас қызмет түрлері, 2-і балық шаруашылығы, 1-і ара шаруашылығы, 2-і сервистік қызмет көрсету бойынша).
2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 995,4 млн теңге 49 ауыл шаруашылығы кооперативіне микрокредит берілді. Олардың ішінде: 5 кооператив – ет бағытында, 38 – сүт бағытында, 1 – құс шаруашылығы бойынша, 5 – өңдеу саласына арналған жабдықты сатып алуға қаржыландырылды.
2024 жылғы қаражаттан 902,8 млн теңгеге 36 кооператив (соның ішінде 2023 жылғы револьверлік қаражат есебінен 3 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі (АШӨК) 82,6 млн теңгеге) несие алды. Олардың ішінде: 4 – мал шаруашылығы бойынша, 2 – құс шаруашылығы, 1 – өсімдік шаруашылығы, 1 – балық шаруашылығы, 17 – өңдеу жабдықтарын сатып алуға, 11 – техника мен жабдықтарды лизингке алу бойынша.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінде 4 517 тұлға мүшелікте (8 заңды тұлға, 126 ШФҚ мен жеке кәсіпкерлер, 4 383 үй шаруашылықтары) болса, оларда 110 629 ауыл шаруашылығы малдары бар (40 841 бас ІҚМ, 68 583 бас ҰММ және 1 165 бас жылқы, 40 бас құс).
2024 жылдың қорытындысымен кооперативтерде 269,9 тонна ет,
7 732,5 тонна сүт, 50,2 тонна жүн, 5 752,6 тонна картоп, 24,0 тонна бал,
19,5 тонна көкөніс пен 100,0 тонна бақша бақылдары, 1 057,0 тонна мал азықтық дақылдар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді.
Ауыл аманаты.
2023 жылы облысымызға бөлінген 6 ,4 млрд. теңге бюджеттік кредит қаражаты толығымен игерілді. Аталған қаржы көлеміне 742 шағын несие беріліп, 787 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, нақты 992 шағын несие беріліп 1 135 жаңа жұмыс орындары құрылды.
2024 жылғы бағдарлама аясында 7,9 млрд. теңге қаржы көлемінде
922 адамға шағын несие беру арқылы 978 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын, алайда қаралған қаражаттың тек 2,5 млрд. теңгесі түсіп, 268 шағын несие беріліп, 400 жаңа жұмыс орындары құрылып, қаражаты толығымен игерілді.
2025 жылы бағдарлама аясында 5,5 млрд. теңге қаржы көлеміне 815 адамға шағын несие беру арқылы 886 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу.
Статистикалық ақпарат бойынша 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 50 889,3 млн. теңгенің тағамдық өнімдері өндірілген, физикалық көлем индексі 2024 жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне 106,7%-ды құрады.
2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда балық қалбырлары
1 579 тонна (101,6%), ет қалбырлары 3 251 тонна (133,1%), рафинадталған және рафинадталмаған өсімдік майы 5 672 тонна (214,8%), шұжық өнімдері
5 357 тонна (110,0%), қайта өңделген сүт пен кілегей – 6 942 тонна (154,6%), ет және тағамдық субпродуктілер – 6 870 тонна (108,6%), нан өнімдері 12 589 тонна (100,2%), ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер 2 071 тонна (109,3%), ірімшік пен сүзбе – 147 тонна (107,3%), сары май 102 тонна (103,0%), өзге сүт өнімдері –
568 тонна (295,8%) өндіріліп, өндіріс көлемдерінің өсуіне әсерін тигізді.
Осы кезеңде жарма, ірі тартылған ұн 138 тонна (84,7%), ұн 44 334 тонна (87,8%), макарон өнімдері 9 393 тонна (98,9%) өндірісінің төмендеуі байқалады.
Облыс бойынша 2025 жылы 16,2 млрд. тенгеге 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Оның ішінде:
- 5 жоба («Арыстанов» ШҚ, «Өтебай» ЖШС, «Берекет» ШҚ, «Маскар СПК», «Төлеңгіт» ШҚ) сүт тауарлы фермасын кеңейту (1 460 басқа);
- 2 жоба («Baystoun» ЖШС, «Орал Агро» ЖШС) көкөніс қоймасы
(10,5 мың тонна);
- 2 жоба («Amaner IZI» ЖШС, «Аймақ» ШҚ) бордақылау алаңын кенейту (6000 басқа);
- 1 жоба («Amaner IZI») суармалы жер учаскесін құру (210 гектар);
- 1 жоба («Каверина С» ЖК) сүт өңдеу зауытын кеңейту бойынша
(6,0 мың тонна).
- 2 жоба («Белес-Агро» ЖШС, «Желаевский КХП» ЖШС) астық өңдеу зауытын кеңейту бойынша (41,5 мың тонна).
- 1 жоба («Игнат» ШҚ) репродуктор құру (400 басқа).


