astana-view

Қазақстанда «Еңбек адамы» республикалық байқауы жарияланды

2014 жылғы 08 Қыркүйек
2590 просмотров

Елімізде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстан ауыл жастары және еңбеккерлері» қауымдастығы «Еңбек адамы» атты республикалық байқау жариялап отыр.

Осыған орай байқаудың шарттары мен мақсат-мүддесі түсіндірілді. Сайыс 6 номинация бойынша өтеді. Металургия, тау-кен, мұнай-газ, құрылыс, көлік жасау, көлік жүйесі сияқты салада еңбек ететін қарапайым жұмысшы жастар өзара бәсекеге түспек. Талап бойынша қатысушы өзінің жұмыс орны туралы жеткен жетістіктері мен мамандығының қыр-сыры жайында бейнебаян дайындауы тиіс. Жұмысшы күшінің жетіспей жататын тұсы болады, байқау жастар арасында еңбек адамын дәріптеу арқылы осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталып отыр, -дейді ұйымдастырушылар. Жеңімпаздар қыркүйек айының соңында анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Марат Қаржаубеков, облыстық кәсіпкерлер палатасының сектор меңгерушісі:

- Жастар ішінде негізінен гуманитарлық мамандықтарға, яғни банк, салық бойынша қызығушылық артуда. Жұмысшы мамандығына жастардың көбі аса бара бермейді. Негізгі мақсат – жұмысшы мамандық бойынша мамандықтар мәртебесін көтеру. Сол бойынша жастарды марапаттау болып табылады.

Дерекнамасы: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер