Қазақстандағы электронды коммерция нарығы үш жыл ішінде орташа алғанда 25%-ға өседі
J’son & Partners Consulting консультанттары қазақстандық электронды коммерция нарығының жалпы көлемін 2013 жылдың қорытындысы бойынша 1,5 млрд доллардан астам сомаға бағалап отыр, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі ҚР ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Электронды коммерция секторы Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың ең серпінді сегменті болып қала береді. 2009 жылғы дағдарыстан кейін республика экономикасы тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отыр: былтырғы жылы бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 6%-ға артқан. Көлемі 28 млрд доллардан асып түскен бөлшек сауда секторы да өсіп келеді.
Мамандардың берген бағасына сүйенсек, нарық әлі де қызу өсу сатысында. Бұл орташа жылдық 25%-дан астам қарқынмен келесі үш жыл бойында жалғасын таппақшы.
Алайда, Қазақстан Республикасының электронды коммерция нарығы ресейлік аналогтан артта қалып келеді, бірақ айырмашылықты жылдам түрде қысқартты. Егер ресейлік интернет-сауда нарығының үлесі барлық бөлшек сауданың 2%-ы болса, Қазақстанда бұл көрсеткіш ~1%.
Қазақстандық нарықты ерекшелейтін маңызды белгісі шамамен 10%-ды құрайтын ұлттық дүкендердің болар-болмас үлесі. Нарықтың қалған бөлігі шетелдік интернет-дүкендердің үлесінде.
Қазақстандағы e-commerce нарығында ең көп талап етілетіні – тұрмыстық техника мен электроника, қызметтер мен интернет-төлемдер. Оның үстіне барлық транзакциялардың үштен бірінен көбі Астана және Алматы қалаларында жасалады.
Қазақстандық пайдаланушылар сатып алынатын тауарлар мен қызметтерге қолма-қол ақша көмегімен төлеуді жөн көреді. Олардың үлесіне барлық сатып алулардың шамамен 60% келеді. Сонымен бірге J’son & Partners Consulting мамандары төлемге арналған мүмкіндіктердің айтарлықтай ауқымын атап өтеді: қолма-қол ақша, банк карталары, электронды ақша және т.б.
Қазақстандағы интернет-сауда сегментінің ең ірі ойыншылары мыналар:
1. Lamoda.kz
2. Alser.kz
3. Sulpak.kz
J’son & Partners Consulting бағалауынша, белсенді өсу фазасы 2014-2017 жж. бойына созылады. Жағымдысы нарық ашықтығының өсуі мен оның толыса өсу сатысына көшуі болып табылады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: