Кәсіпкерлер палатасына 3000 арыз келіп түскен
Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жыл басынан бері 3 мыңнан аса арыз түскен. Дені аймақтардағы кәсіпорын иелерінен. Бүгінде олардың 600-ден астамы шешімін тапты. Палата төрағасы Абылай Мырзахметов шағымдарды бірнеше топқа бөліп, жеке-жеке тоқталды. Олар: ауыл шаруышылығына бөлінетін субсидияның кеш берілуі, мемлекеттік сатып алудағы талаптардың қаталдығы, кей мемлекеттік бағдарламалардың кәсіпкерлерге тиімсіз жақтары мен құжаттарды жинаудағы уақыт ұзақтығы.
Палата төрағасы осындай келеңсіздікті комиссия мүшелері туғызып отырғанын айтты. «Осының алдын алу үшін комиссия құрамында кәсіпкерлер палатасының өкілі болуы тиіс, барлық талаптар мен шешімдер сайтқа шығарылуы қажет», - деді Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы.
Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:
-Шығыс Қазақстанда бір мектеп салынатын болса, сол тендерге қатысатын компанияның 15 краны болу керек деген алдын ала талап қойылады. Ол дегеніміз алдын ала 10 шақты компания оған қатыса алмайды. Мектеп салу үшін 15 кранның қажеті жоқ. Бірақ оны біреу ойлап тауып отыр. Ол жерде басқа біреу жеңетіндей жағдай жасалады.
Дерекнамасы: Хабар
Пікір қалдыру:
Пікірлер: