astana-view

Бизнеске қысым көрсеткен басшылар

2014 жылғы 10 Қыркүйек
2147 просмотров

Кәсіпкерлерге кедергі келтіру үшін заңдарды өз ыңғайына қарай бұра пайдаланған шенділер әшкереленді. Бизнеске қысым көрсеткен басшылардың ішінде бірқатар қала және аудан әкімдері мен орынбасарлары бар. Елді елең еткізген жаңалықты бүгін ұлттық кәсіпкерлер палатасы жария етті. Рұқсатнамалық кедергілерді жоюды жүзеге асыра бастаған палата енді мемлекеттік сатып алуды да өз қолдарына алмақшы. Осылайша басынан дау арылмаған саладағы жемқорлықтың тамырына балта шабамыз деп отыр. Алайда, тәуелсіз сарапшылар мәселенің осылай оңай шешілетініне сенбейді.

Құзыретін пайдаланып, кәсіпкерлерге қысым көрсеткен шенеуніктердің аты аталады деп бір күн бұрын айтып қойған соң журналистердің бәрі осы жаңалықты естуге асықты. Қоғамда күнде айтылатын мәселе болса да, бұл жолғы қаңқу сөз емес - кәсіпкерлердің шағымына сәйкес жүргізілген тексерістердің нәтижесі.

АБЫЛАЙ МЫРЗАХМЕТОВ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

Алматы облысына қарайтын жер комиссиясы, бюджеттік комиссияға біздің заң жүзінде кіруімізге болады. Хат бердік, ешқандай жауап жоқ. Мысалы, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Жүнісов мырза, Алматы облысы Балқаш ауданының әкімі Кечимов мырза. Одан кейін заңды түрде жерін бермей қысып, тартып алудың әрекетін жасаған Ерейментау ауданының әкімі. Тағы Алматы сәулет және қала құрылысы саласының басқармасы да.

Аталған шенділерді жауапкершілікке тарту үшін қазіргі таңда тиісті мекемелерге хат жолданыпты.

Шығыс Қазақстанда бір мектеп салу үшін тендерге қатысатын компанияның 15 краны болу керек деген алдын ала талап қояды. Ол дегеніңіз оншақты компания оған қатыса алмайды. Өйткені мектеп салу үшін 15 кран керек жоқ. Бірақ соны біреулер ойлап тауып отыр ғой.

Дерекнамасы: 31 канал


Еншілес ұйымдар

Серіктестер