astana-view

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНА БІР ЖЫЛ ІШІНДЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ ШАҒЫМ ТҮСКЕН

2014 жылғы 12 Қыркүйек
2162 просмотров

Өткен жылдың қыркүйек айында елімізде ірі бизнес-қауымдастық Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) құрылған болатын. Жаңа құрылым бір жылдың ішінде облыстық Кәсіпкерлер палатасына өңір кәсіпкерлерінен 500-ге жуық арыз-шағымдар келіп түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі аталмыш мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен кезеңде 100-ден астам облыс кәсіпкерінің мәселелері оң шешілді. Бизнестің шешімін күткен мәселері тек жергілікті деңгейде ғана емес, тіпті ҚР Жоғарғы соты, ҚР Үкіметі деңгейіне дейін жеткізіліп, тиісті шешімдерін тапты.

Палата қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі ауылдық бизнесті дамыту болып табылатыны белгілі. Осы ретте, облысымыздың әрбір ауданы мен шағын қалаларында Кәсіпкерлер палатасының филиалдары құрылды. Сол арқылы өңіріміздің шалғай жатқан елді мекендеріне көмек кқөрсету мүмкіндігіне ие болдық. 

Облыстық Кәсіпкерлер палатасымен бизнестің дамуына қолдбайлау болып отырған әкімшілік кедергілерді жою мақсатында қолданыстағы заңнамаларға 26 өзгерістер енгізу ұсынылды.

Үстіміздегі жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғаш рет «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бизнеске сервистік қолдау көрсету операторы қызметі берілді. Павлодар облысында алты сервистік компания бизнес өкілдеріне бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, кедендік рәсімдеулер бойынша қызмет, менеджмент сапасын енгізу бойынша кеңес беру, заңгерлік, маркетинг мәселелері бойынша қызмет, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласы бойынша кеңес беру, мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардағы сатып алулар рәсімдеріне байланысты тегін қызметтер көрсетіп келеді. Бүгінгі күнге дейін облысымыздың 200-ден астам кәсіпкеріне сервистік көмек көрсетілді. 

Кәсіпкерлер палатасы бизнесті дамыту бағытында мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдармен байланысты, халықаралық және өңіраралық әріптестікті дамыту саласында Ресей Федерациясы, Польша, Украина елдерінің сауда-өндірістік палаталарымен 28 меморандум және келісімдерге қол қойылды. 

Шет мемлекеттермен бизнес-диалогты дамытудың тиімді жолы сауда-экономикалық миссиясы шарасын атап өтуге болады. Өткен кезеңде Ресейдің Алтай өлкесінің, Беларрусия елінің кәсіпкерлерімен осы тектес шаралар ұйымдастырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер