Ұлттық кәсіпкерлер палатасы зейнетақы қорындағы қаражатты экономикаға тартуды ұсынады
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкімет пен Ұлттық банкке зейнетақы қорындағы қаражатты экономикаға тартуды ұсынады.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Тау-кен өндіруші және кен-металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кен-металлургия кешені комитетінің төрағасы Николай Радостовец мәлімдеді. Оның айтуынша, зейнетақы жинақтарын Қазақстан экономикасына инвестиция ретінде тарту арқылы ел азаматтарының әлеуетін арттыруға болады.
Дерекнамасы: Қазақ радиосы
Пікір қалдыру:
Пікірлер: