БҒМ мен ҰКП білім беру мен өндірісті интеграциялау жөніндегі өзара әрекеттестікті күшейтуде
Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы білім беру мен өндірісті интеграциялау жөнінде маңызды шешімдер қабылдауда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев хабарлады.
«Ірі шетелдік компаниялар біздің түлектерімізді жұмысқа қабылдауда. Бірақ, оның көлемі бізді қанағаттандырмайды, сондықтан да біз қазір ҰКП-мен бірлесіп білім беру мен өндірісті интеграциялау жөнінде маңызды шешімдер қабылдаудамыз. Осы мақсатта, қазір корпоративтік басқаруға белсене ат салысып жүрген ЖОО-да қадағалау кеңестерін құрудамыз. Оның құрамында ҰКП да, ірі компаниялардың да өкілдері бар», -деді вице-министр, журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп.
Дерекнамасы: ortcom.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: