astana-view

Кәсіпкерлер Астанадағы бос жер учаскелері туралы мәлімет сұрады

2014 жылғы 25 Қыркүйек
2855 просмотров

Кәсіпкерлер Астанадағы бос жер учаскелері туралы мәлімет сұрады. Бұл туралы Астана қалалық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған, Астана қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшылығының қатысуымен өткен, Басқарма веб-сайты арқылы жер учаскесін алуға онлайн өтініш беру мәселесі туралы семинар барысында белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінен хабарлағандай, қатысушыларды жер учаскелерін алу бойынша маңызды мәселелер қызықтырды. Сондай-ақ, осы саладағы рәсімдерді жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.

Мәселен, өтініш бойынша жер учаскесі берілмеген жағдайда, коммерциялық мақсатта пайдалану үшін баламалы жер учаскесін беру рәсімін енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

«Кәсіпкерлер сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдерінен бос жер учаскелерінің тізімін жасап, оны сайтқа орналастыруды сұрады», - делінген ақпаратта.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер