astana-view

Ақмола облысында кірпіш зауыты салынады

2014 жылғы 26 Қыркүйек
2644 просмотров

Ақмола облысында кірпіш өндірісімен айналысатын жаңа жоғары технологиялық зауыт салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Шикізат ретінде жергілікті материал пайдаланылады. Бұл Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Оңтүстік Қазақстан бизнес-орта өкілдері арасындағы келіссөздер нәтижесі.

«Жоба 1 млрд 200 млн теңгеге бағаланып отыр. Сондай-ақ, ынтымақтастық аясында аймақта жылыжай кешендері мен тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл компаниялардың бұрыннан бері Оңтүстік Қазақстан нарығында орны бар. Бұдан бөлек, олар біздің өңірде мал шаруашылығын дамыту бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті», - деп мәлімдеді Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер