Еңбек күнін мерекелеу аясында жас мамандар 6 номинация бойынша марапатталады
Еңбек күнін мерекелеу аясында жас мамандар 6 номинация бойынша марапатталады, бұл туралы ОКҚ брифингінде ҰҚП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева мәлімдеді.
«Мерекеге орай жастар арасында мамандығының үздігі, жыл адамы байқауларын өткізу жұмыстары ұйымдастырылды, бұл жастарды менеджер мен мемлекеттік орган қызметіне тартуды ғана емес, қарапайым жұмыс ортасына деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді.Біз аталмыш байқауды 6 номинация бойынша бөлдік, ол жұмысшы жастар, машина жасау саласы мен құрылыс, мұнай және газ саласында өткізіледі. Еңбек күні аясында марапаттау шарасынан кейін өз мамандығының мақтанышына айналған жастар марапатталады», - деді ол.
Г.Құрбанбаева атап өткендей, ҰКП еңбек саласындағы қызметкерлерді ұлықтауды қолдауға әрқашан дайын.
«Еңбек күні мерекесінің негізгі тапсырмалары қызметкерлердің біліктілігін арттыру бастамасын қолдауға бағытталған, бұл біз үшін маңызды фактор, себебі ел экономикасы тек қана білікті қызметкерлердің есебінен дамиды», - деді ол.
Дерекнамасы: Strategy-2050
Пікір қалдыру:
Пікірлер: