astana-view

Қазақстанда кәсіптік білім беру кенжелеп тұр

2014 жылғы 26 Қыркүйек
2317 просмотров

Еліміздің еңбек нарығында жыл сайын 20 мың жұмыс орны бос қалады.

Өйткені кәсіби техникалық мамандар жетіспейді. Кәсіптік білім беру жүйесіне арналған конференция барысында ҚР Парламенті СенатыныңТөрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. «Филолог немесе заңгер болып жұмыс таппай қол қусырып отырғанша, техникалық мамандықты игеріп, сұранысқа сай болған әлдеқайда тиімді»,- деді сенатор. Осы ретте депутаттар кәсіби білімге «екінші сорт» деп қарайтын қоғамның көзқарасын өзгерту жолдарын қарастырды. Бірінші кезекте тиісті заңнаманы жетілдіру маңызды.

Мамандар дуальді жүйе жандану үшін бизнестің белсенділігін арттыру керек екенін айтады. Бұл істі кәсіпкерлер палатасы мықтап қолға алғанға ұқсайды. Олар арнайы бағдарлама әзірлеп, колледждер түлектерін жұмыссыз қалдырмауды көздеп отыр. Басты мәселе – оқу орны мен кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайту.

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

- Алдағы 2 жылда кәсіпорындармен бірлесіп 10 мың маман даярлап шығаруды көздеп отырмыз. Олардың барлығы 100% жұмыспен қамтылады. Президент бағдарламасына сай, негізгі деген 11 мамандық түрін таңдап алдық. Жұмыс осы жүйе арқылы жалғасады.

Дерекнамасы: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер