АТЫРАУДА АЛҚАЛЫ ЖИЫН
Атырауда Қазақстан мен Ресейдің XI өңіраралық ықпалдастық форумы аясында Ресей–Қазақстан Іскерлік кеңесінің отырысы өтеді.
Іскерлік кеңес ҚР және РФ ұйымдары мен бірлестіктерінің арасындағы іскерлік қатынастың тиімділігін арттыруды үйлестіретін және кеңес беретін орган болып табылады.
Іскерлік кеңестің отырысы ҚР ҰКП мен РФ Сауда-Өнеркәсіп палаталарының бірлескен жұмыс жоспарына негізделмек. Жоспарланған басқосуда Қазақстандық өнімді Ресей аймақтарындағы нарыққа экспорттау, ҚР және РФ экпорттаушы ірі кәсіпорындардың тізімін жасақтау мен өзге өзекті мәселелер талқыланады.
Сондай-ақ, кеңес отырысы аясында тараптардың өз елдеріндегі мемлекеттік органдармен ықпалдастығы жөнінде тәжірибе алмасу және іскер топтардың мүддесін қорғауға қатысты пікір алмасулары жүзеге асады деп күтілуде.
Аталған шара Ресей және Қазақстан компанияларының байланысын одан әрі бекітіп, сауда мен инвестициядағы арақатынасын тереңдете түсуге мүмкіндік береді және көзбе көз пікір алмасудың нәтижесі елдердің іскер топтарын біріктіруге ықпал жасап, сол арқылы екі елдің де іскер топтарының мүддесін қорғаушы ұсынымдарды қалыптастырып, олардың әрі қарай сәтті жүзеге асуына жағдай жасайды деп күтілуде.
Дерекнамасы: Айқын
Пікір қалдыру:
Пікірлер: