astana-view

«Нұр Отан» кәсіпкерлерге саяси қорған болады – Б.Байбек

2014 жылғы 02 Қазан
2551 просмотров

«Нұр Отан» партиясының негізгі міндетінің бірі – кәсіпкерлерге заңнамалық және саяси тұрғыда қорған болу. Бұл туралы бүгін Ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдерімен кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында: елімізді әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу – басты меже» деп белгілеп берген. Осындай биік мақсатты бағындыруда алғашқы кезекте атқарулы тиіс аса күрделі іс – қоғамды сыбайлас жемқорлықтан барынша арылтуды талап етеді. Елбасы тасырмасына сай, «Нұр Отан» партиясы шілде айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын әзірлеп, қоғамның ашық талқылауына салғаны белгілі. Кәсіпкерлердің мүддесін қорғап, бизнесті қолдау бағытындағы мемлекеттің саясатын іске асыруға қызмет етуші бірегей ұйым – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері тарапынан айтылатын ұсыныстар маңызды болмақ. Саяси доктринасында экономикалық дамудың қозғаушы күші – отандық бизнесті жан-жақты қолдайтынын атап көрсеткен «Нұр Отан» кәсіпкерлікке заңнамалық және саяси қорған болуды өзінің аса маңызды негізгі қызметігің бірі деп біледі»,-деп атап өтті партия төрағасының орынбасары. 

Б.Байбектің айтуынша, осы жылдың наурызында партия мен Ұлттық палата азаматтық қоғам мен бизнес арасында диалог орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздеген меморандум жасасқан. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер