astana-view

Ұлттық кәсіпкерлердің палатасы «Нұр Отанның» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін қолдайды – Абылай Мырзахметов

2014 жылғы 02 Қазан
2470 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Нұр Отанның» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын бірауыздан құптай отырып, оның бұдан әрідегі жүзеге асуына атсалысуға әзір», деді ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов 2025 жылға дейінгі «Нұр Отанның» жемқорлыққа қарсы бағдарламасын талқылау барысында.

«Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасы жобасының ілгерілеуіне сүйеніш және құрал, керек десеңіз, серіктес те болады», - деді А. Мырзахметов.

Сондай-ақ, ол, жемқорлыққа қарсы тұрудың тиімді тетігі ретінде қоғамдық тыңдаулар өткізуге ұсыныс білдірді. Яғни, бұл партия Бағдарламасын іске асырудың бір тармағы болып қалыптасар еді.

«Біз өз алаңымызда жемқорлыққа қарсы тұрудың нақты мәселелерімен айналысудамыз. Мысалы, жыл басынан бері кәсіпкерлерден екі мыңға жуық арыз келіп түсті. Оның мыңға жуығы орталық аппаратқа түсті. Тараптар күш біріктірсе, зор табыстарға қол жеткізер еді», - деді Басқарма Төрағасы.

Оның айтуынша, жемқорлыққа қарсы жұмыс аясында Палата өз қызметін өңірлердегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңестерінде жандандыруда.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың шілде айында «Нұр Отан» партиясы 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасын қоғам талқысына ұсынды. Аталған құжат жобасы партия және сарапшылар алаңында қарастырылып, талқыланды. Бағдарлама жобасы бойынша осы аралықта Партия мүшелері, сараптау қоғамдастығы мен интернет-пайдаланушылардан 900-ге жуық ұсыныстар мен толықтырулар келіп түст. Барлық ұсыныстар мен ескертулер Бағдарлама жобасының соңғы нұсқасын әзірлеуде ескеріліп, құжат Саяси кеңестің  алдағы уақытта өтетін кеңейтілген отырысында бекітіледі деп жоспарлануда.

Дерекнамасы: nurotan.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер