astana-view

ҰКП «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасын мақұлдады

2014 жылғы 02 Қазан
3226 просмотров

Бүгін Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Нұр Отан» партиясының бірлескен отырысында париялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасы талқыланды.

ҰКП «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасын мақұлдады. Партия тек бағдарламаны ғана емес, сонымен бірге оны жүзеге асырудың жыл сайынғы шаралар жоспарын және «Жол картасын» жүзеге асыруды көздер отыр екен. 

««Нұр Отан» партиясы мен ҰКП тапсырмаларды сенімділікпен орындауды көздеп отыр, себебі елдің тұрақты дамуын тек сенімділіктің  арқасында жүзеге асыруға болады. «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының  жобасы тұрғындар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік салаларда жемқорлықтың алдын алу, бизнесті ашуда әкімшілік кедергілерді жою, орталық пен жергілікті жерлерде қоғамдық мониторингті күшейтуге бағытталған. Жұмыстың тиімді жасалғанының басты көрсеткіші 2025 жылға қарсы бәсекелестіктің жаһандық индексі елдерінің отыздығына ену болып табылады. Ол «заңсыз төлемдер мен пара алу деңгейі» және «бизнесті енгізу жеңілдігі»  көрсеткіші бойынша жүзеге асырылуы тиіс», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов «Нұр Отаның» жемқорлыққа қарсы ісіне толық қолдау көрсетті.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, біз жемқорлықты барлық ел болып жеңе аламыз, әрбір жерде жемқорлыққа деген шыдамсыздық қалыптасуы  керек. Біз байқап отырғанымыздай, қоғамдық күштің араласуы бірлескен жұмысқа нәтиже бермек», - деді Абылай Мырзахметов.

Сондай-ақ, қатысушылар бағдарламаға заңды тұлғалар бизнесті енгізуге кедергі жасаған жағдайға, заңсыз әрекеттерге барған жағдайға назар аударуды енгізу  қажеттігін талқылады.

Өз кезегінде Ұлттық палата «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы бағдарламасының жыл сайынғы дайындалатын есебін жасауға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер