astana-view

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғауды күшейтпек

2014 жылғы 08 Қазан
2248 просмотров

Қашыр ауданының кәсіпкері Татьяна Мамадалиева үш жыл қатарынан шығынға батып келеді. Ауданда бірінші болып  жылыжай салып, халықты қажетті көкөніспен қамту арманы болатын. Бизнесті бастағанда инженерлік-коммуникацияны  мемлекет өз мойнына алады дегенге сенген. Алайда судың жоқтығынан,  салған өнімі шықпай қалды. Кәсіпкер әйелдің жергілікті билікке деген өкпесі қара қазандай. Аудан әкімі: «Дер кезде көмекке келгенде жағдай басқаша болар еді – дейді ол.

Татьяна Мамадалиева, Кәсіпкер  
-Қашыр ауданының әкімі биыл су айдайтын насос, шлангы,су құятын ыдыспен қамтамасыз етемін деп уәде етті. Бірақ ешқандай көмек болған жоқ.

Инженерлік коммуникациялық инфрақұлым. Бүгінде бұл – монополистермен бизнес арасындағы бітпес дауға айналған өзекті мәселе.

Асхат Күзеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
-Біздің заңнамаларымызға қысым көрсетіледі. Монополистер өз пайдалары үшін заң бұзушылыққа жол беретіндерін ойламайды. Заңды бұза отырып, осыдан бірнеше жыл бұрынғы ескі әдістермен жұмыс істейді.

Кеңес мүшелерінің пікірінше,  кәсіпкерлер палатасымен бас прокуратураның бірлесе жұмыс істеуі саланың жұмысын реттейді.

Серік Төрегелдин, ҚР ҰКП кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің мүшесі
-Біз – Үкімет тарапынан құрылған қоғамбыз. Сол күшіміз жаңағы Үкімет бір жағынан мынау прокуратура органдары бір жағынан  солармен өзіміздің келісімшарттарымыз бар. Соған байланысты біз қазір қандай сұрақ көтереміз, сосын бізбен қоян-қолтық жұмыс істеп, тексеретін адамды тексереміз, тек қана прокуратура бармайды. Оның 50 пайызына кәсіпкерлердің өзі қатысады.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Ғани Қасымов болса сөзді қысқа қайырды. Енді өз пайдасын ойлаған бір де бір шенеунік жауапсыз қалмайды.

Ғани Қасымов, ҚР ҰКП кәсіпкерлер құғын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы
-Біз өзіміздің Кеңестерімізді шынайы, ашық жүргіземіз. Шенеуніктердің аты-жөнін айтып, оларды жұмыстан босатуды талап етеміз. Он кәсіпкер зардап шеккеннен көрі, Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан заңына бір шенеунікті бағындыру әлдеқайда жеңіл.

Осылайша ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес қауымдастығы үшін жағдай жасамақ. Кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден қорғағанда ғана  шағын және орта бизнес қанатын кеңге жаяды. Ұлттық  кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің  ықпалымен бір жылға таяу уақытта бір жарым мың шағымның 65 пайызы оң шешімін тапқан.

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер