Оңтүстікқазақстандық шенеуніктер жазаланды
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер жұмысына заңсыз тосқауыл жасаған шенеуніктер жазаланды. Кәсіпкерлер Палатасы мен облыстық прокуратура бизнес өкілдеріне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мониторинг жасау кезінде құрылыс саласындағы бірқатар заңсыздықтарды анықтаған. Жергілікті атқарушы органдар құрылыс басталған кезде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментіне ескерту жасауы қажет. Алайда аталған департаментке өздері барудың орнына мердігерлердің атына сенімхат тіркеп, соларды жұмсап отырған.
Осылайша 6 айдың ішінде жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлік нысандарына 238 сенімхат берген. Заң бойынша бұл жұмыс – тікелей тапсырыс берушінің міндеті. Сол сияқты Азаматтық Кодекстің 10-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар өз қызметтерін кәсіпкерлердің мойнына артуына тиым салынады. Осыған қатысты Әкімшілік Құқық бұзушылық кодексінің 151-бабы бойынша Бәйдібек, Төле би, Түлкібас, Мақтарал аудандарының және Кентау қаласының лауазымды тұлғаларына прокуратура тарапынан әкімшілік іс қозғалды.
Батыр Ергешов, ОҚО прокурорының аға көмекшісі
-Жалпы республика бойынша бұрын-соңды болмаған. Тек осы талдау барысында анықталып, жүйелі түрде мұндай фактілерге тосқауыл қойылып, шаралар қолданылуда. Қазіргі таңда осындай заңсыз кәсіпкердің құқығын бұзуға жол берген 7 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, соттар орларға 92 мың теңге айыппұл салды.
Дерекнамасы: Хабар
Пікір қалдыру:
Пікірлер: