astana-view

Миллионер жігіт ҰКП-ның департамент директорының орынбасары болып тағайындалды

2014 жылғы 13 Қазан
2543 просмотров

Миллионер жігіт Ұлттық кәсіпкерлер палатасының департамент директорының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін жас миллионер Марат Әбиев ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Мемлекеттік сатып алулар мен жергілікті дамуды қамту департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Марат Әбиев - «Forbes Қазақстан» журналының нұсқасы бойынша отандық миллионерлер тізіміне енген жас кәсіпкерлердің бірі. "KSP Steel Сауда үйі" ЖШС-нің 24 жастағы басшысы Марат Әбиев Forbes Қазақстан журналының нұсқасы бойынша қазақстандық 100 миллионердің тізіміне енгеннен кейін танымал болған еді. Мұнай саласына арналған тауарлар өндірісімен айналысатын бизнесменнің дәулеті 11 млн доллар деп бағаланады.

Айта кетейік, «Казахстанская мечта» кітабында автор беделді байланыстарсыз, бай ата-анасыз және заңға қайшы шықпай адал еңбекпен миллион доллар табудың жолы туралы өзінің ой-пікірімен бөліскен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер