astana-view

Еңбек еткеннің еңсесі биік

2014 жылғы 13 Қазан
2430 просмотров

Мүгедектер Үкіметтің берген жәрдеміне қарап отырмай,өз беттерінше табыс тапқысы келеді.

Бүгін Астанадағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осындай жандарға жағдай жасады. Палата алаңында еліміздің мүгедектер қауымдастығы көлік және логистикалық ұйымдар, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы», «Колледждер қауымдастығы» сияқты салалық мекемелермен меморандумға қол қойды. Келісімде мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттің көмегінсіз кәсіптерін ілгерілетуі көзделген. Қазір елімізде дәл сондай кәсіпорындар саны – 48. Онда 2000-нан аса адам еңбек етіп отыр. Дені жиһаз жасау, типо-графиялық өнімдер, тоқыма өнеркәсібі, металл өңдеумен айналысады. Шара барысында қатысушылар үшін сол өнімдерді паш ететін көрме ұйымдастырылды.

Исай Тезекбай, «Өрлеу» саңыраулар қауымдастығының төрағасы:

- Шындығында, кейбір министірліктер, ведомствалар солар көрсе, бұлардың қолынан не келетіндігін кейбір адамдар біле бермейді. Содан кейін мүгедектерге жұмыс тауып беру үшін жәрдем берсек, осыларды жұмысқа орналастырсақ, олар жұмыс істеп, айлық тапса деген жағдайменен мемлекеттік ассоциацияларды, холдингтердің көңілін мүгедектерге бөлу керек.

Источник: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер