astana-view

Отандық кәсіпорындарға жаңа мүмкіндіктер ашылады

2014 жылғы 13 Қазан
2541 просмотров

Отандық кәсіпорындар алдында жаңа мүмкіндіктер ашылады. Келер жылдан бастап қазақстандық компаниялар Ресейдегі мемлекеттік сатып алуға қатысады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен машина жасаушылар форумында білгілі болды. Сонымен қатар, алдағы 5 жылға жұмыс жоспары да қарастырылды.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бес жылдығында машина жасау саласына көп көңіл бөлінген. Бүгін соның бірқатарын Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешов Астанада өткен форумда тізбектеп шықты. Кәсіпорындарға жеңіл және коммерциялық бағыттағы автокөліктерді шығару көлемін арттыу тапсырмасы берілді. Қазірдің өзінде агроөнеркәсіп кешендері отандық комбайын, трақторлармен қамтамасыз етілген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл және орман шаруашылығы үшін 1300 трақтор шығарылған. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 5,6 есеге артық. 

«Біз белорустық трақтор құрастырушыларымен бірлесіп, тарту күші көп бола тұра, аз дыбыс шығаратын трақтор құрастыруды ойластыру керек. Сонымен қатар, жерді өңдеуге кететін шығынды да азайту қажет», - деді Қазақстан машинажасау одағының директоры Тимурлан Алтаев. 

Көлік құрастыру, электроқұрылғылар, ауылшаруашылығы техникасы, теміржол техникасы, тау-металлургия кешеніне арналған және мұнайлы жерді анықтайтын және өңдейтін құрылғылар. Бұл аталған жұмыстар 2015 пен 2019 жылғы аралығындағы бағдарламаның басты бағыттары болып табылады. Сондай-ақ, машина құрастыру көлемін жылына 190 мыңға дейін жеткізу жоспарда бар. Бұл экспортқа шығуға мүмкіндік бермек. 

«Мемлекет көліктерді көрші елдерге экспорттауға қатысты бірқатар мәселерді шешу керек. Мәселен, ресейлік көліктер біздің елге еш кедергісіз өтсе, алайда біздің көліктерге қатысты жағдай басқа. Бұл жерде мониторниг жасап, мәселенің ақ-қарасын айқын көрсету қажет», - деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рақым ОШАҚБАЕВ.

Сонымен қатар, келер жылдан бастап отандық өндірушілер Ресейдегі жеңіл өнеркәсіп және машина жасау саласындағы мемлекеттік сатып алуға қатыса алады. Қазіргі таңда бұл тұрғыда жұмыстар жүргізілуде. Жалпы соңғы бес жылда машина жасау саласында 1 млрд еуро инвестиция тартылыпты. 

Дерекнамасы: Алматы ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер