ОҚО оқушыларына мамандық таңдауға жәрдемдеседі
ОҚО Кәсіпкерлер палатасы Шымкентте физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде кәсіби бөлімін ашты. Енді мектеп оқушыларының болашақ мамандығына таңдау жасауы жеңілге түсетін болды.
«Кәсіби бағдар бөлмесі ОҚО кәсіпорындары және оқу орындары туралы қажет ақпаратпен жабдықталған (таратпа материалдар, брошюралар, стенділер, өнім үлгілері). Оқушылар онлайн тәртіпте кәсіптік диагностикадан өтіп, өзінің икемі мен қабілеттіліктері жайлы көбірек біле алады, осылайша, көңіліне жақын кәсіптер мен мамандықтар тізбесін анықтай алады», - деп хабарлады ҰКП.
Оқушылар қандай да бір мамандықтың мазмұны жайлы ақпарат алып қана қоймай, таңдаған қызмет саласына сәйкес өз қабілеттерін салыстыру мүмкіндігіне ие болды. Бұған Кәсіпкерлер палатасының Шымкенттің жетекші компаниялары - ОҚ ОТД - «Қазақтелеком» АҚ филиалы, «ҚазТрансГазАймақ» ОҚӨФ, «ВИЗиТ» АНЗ ЖШС арадағы ынтымақтастығының арқасында қол жетіп отыр. Бұл мекемелердің басшылары кәсіби бағдар бөлмесі ашылардың алдында өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумдар жасақан болатын («НЗМ» ДББҰ, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы, компания). Енді оқушылар осы кәсіпорындарға барып, технологиялық процестермен таныса алады, талап етілетін мамандықтар жайлы және компания қызметі туралы жан-жақты біле алады.
ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Қасымбеков айтып кеткендей, жастарымыздың өз кәсібіне алдын-ала дайындалғаны өте маңызды.
Ұлттық палата мен «Назарбаев зияткерлік мектептері дәл осы мақсатта республикадағы мектептердің 16 филиалында мектеп бағдарламасына кәсіби бағдар жұмысы жөніндегі пәнді енгізу жайлы келіскен болатын.
Дерекнамасы: Strategy-2050
Пікір қалдыру:
Пікірлер: