Кәсіпкерліктің дамуына кедергі көп
Қостанай қаласының әкімдігі кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы Қостанайда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы орынбасарының қатысуымен өткен жиында айтылды. Отырыста жергілікті биліктің бизнесті тығырыққа тіреген шешімдері мен қаулылары туралы нақты деректер келтірілді.
Соның бірі – қаладағы «Қазақстан» кинотеатрына қатысты оқиға. Меншік иесі 2012 жылы кәсіп аясын кеңейту мақсатында қала әкімдігіне қосымша жер телімін сұрап өтініш береді. Өтініші қанағаттандырылған соң, банктен несие алып, мердігермен келісімге отырып, жұмысқа кіріседі.
Алайда, осы кезде қала әкімдігі көпшілік пайдаланатын нысандар салу мақсатында, кинотеатрға берілген жерді кері қайтару туралы қаулы шығарған. Сөйтіп құрылыс жүргізуге тыйым салады. Кәсіпкер мен қала билігі арасындағы бұл дау қазір сотта қаралып жатыр.
Дерекнамасы: Қазақстан
Пікір қалдыру:
Пікірлер: