astana-view

Қазақстандық бірегей өндірушілермен ұзақмерзімді келісімшарттарды бекіту керек - А. Перуашев

2014 жылғы 20 Қазан
2057 просмотров

Қазақстандық бірегей өндірушілерді қорғау үшін олармен ұзақмерзімді келісімшарттарды бекіту керек. Бұл туралы бүгін ҰКП жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар кеңесінің отырысында осы кеңестің төрағасы, депутат Азат Перуашев мәлім етті.

Отырысқа қытысушылар ДСҰ-ға қосылар алдында отандық өндіруші өндірістермен ұзақмерзімді келісімшарттарды бекіту керек екендігін атап өтті.

«Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одаққа 2-3 ай ғана уақыт қалды. Оның аясында біздің барша кәсіпорындар өзге мемлекеттердің өндірушілерімен бір айдында біркелді жағдайда болады. Егер елімізде бірігей өндірушілер болса, олармен ұзақмерзімді келісімдерді барынша ұзақ уақытқа бекіту керек», - деді А. Перуашев.

Оның пайымынша, бұл келісімшарттар 10-15жылға дейін бекітілуі тиіс. Осы аралықта отандық кәсіпорындар өздерінің жабдықтарын жаңартып, жетілдіріп, аяғына нық тұруға қауқарлы болмақ.

Источник: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер