astana-view

Астанада жоғары сатылым технологиясын 200-ден астам менеджер меңгерді

2014 жылғы 20 Қазан
2551 просмотров

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлерді дамыту орталығымен бірлесіп жоғары сатылым технологиясына үйрететін кең масштабты оқыту өткізді.

Астанаға тәжірибе жүзіндегі қабілетті игеруге 200-ден астам  сауда бойынша менеджерлер, шағын және орта бизнестің, сонымен қатар ірі бизнестің өкілдері жиналды, деп ҚР ҰКП хабарлады.

Бір күнге созылған тренингке қатысушылар интерактивті оқыту арқылы тәжірибе алмасты. Ал, бос уақыттарында жекеше өз сұрақтарына жауап алуға және нұсқаулықтар тындауға мүмкіндік алды.

«Белгілі бір сала бойынша білімнің маңыздылығын ескерген Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы тұрақты түрде елордалық бизнестің өкілдеріне арнап семинарлар өткізіп келеді. Ағымдағы жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша 100-ден астам тренинг өткізіліп, оның жұмысына 3300-ден астам тыңдаушы қатысты. Жалпы, бүгінгі күнде «Сатылымды арттыру», «Персоналды басқару», «Менеджмент», «Маркетинг» салалары болып табылады», - деп түйіндеді Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ғани Тасмағанбетов.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер