Тараздық кәсіпкерлер электр бағаналарын жалға алуға мәжбүр
Тараз кәсіпкерлері монополистердің электр бағаналарын жалға алу туралы қосымша келісімдер бекітуді талап етіп жатқандарын айтып, «Жамбыл электр желілері» ЖШС әрекеттеріне шағым түсірді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Осы айдың басынан бері осындай 10 арыз тіркелді. Кейбір кәсіпкерлерді электр беру ұйымы үш күн ішінде кеңсеге келуді талап етіп, олай болмаған жағдайда электр сымдарын бағаналардан ажыратып тастаймыз деп қорқытқан», - деп жазады palata.kz.
Кәсіпкерлердің шағымында айтылғандай, кеңес уақытында орнатылған ескі бағаналар әлі күнге дейін жөндеу көрмеген, ауыстырылмаған да, ал сымдар үзіліп қалған жағдайда бизнесмендер электр мамандарын өздері жалдап, жөндеуге қажет ақшаны да өз қалталарынан шығарады екен.
Бұған қоса, кәсіпорынды ашар кезде олар электр беру қызметі мен ұйымдарының барлық қызметін төлеп, тиісті рұқсат алады.
Қазір істің мән-жайын құзырлы органдар тексеріп жатыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: