Бас прокуратурада кәсіпкерлер құқы жайында бейнеконференция өтті
Бүгін Бас прокуратурада Бас Прокурор Асхат Дауылбаев пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиуымының төрағасы Тимур Құлыбаевтың және аймақтық прокурорлардың, кәсіпкерлер палаталарының, сондай-ақ облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі орынбасарларының қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес өтті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Асхат Дауылбаев кезекті кездесуді аша отырып, келісім шеңберінде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мен қорғауға бағытталған бірлескен іс-шаралар қабылданып жатқандығын атап өтті.
- Атап айтқанда, жекелеген кәсіпкерлердің қатысуымен эксперименттік жағдайлар өткізіліп, бизнес субъектілерінің уәкілетті органдар мен ұйымдарда рұқсат беру рәсімдерін өтуіне талдау жүргізілді, - деді ол өз алғысөзінде.
Ескерте кетейік, отырыста Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасындағы әріптестік жөніндегі меморандумның шеңберінде бірлескен жұмыстың кезекті нәтижелері қаралды. Сонымен қатар, өзара әрекеттесудің бұдан кейінгі басым бағыттары талқыланды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: