ҰКП шаруаларға берілген несие мерзімін ұзарту мәселесін қарастыруды сұрады
Биылғы орақ науқаны кеш басталғандықтан, астық сапасы төмен болмақ.Алайда сапасыз өнім зая кетпейді. Бұл туралы журналистерменкездесуде агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциякомитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлімдеді.
Сақташ Хасенов, ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:
Жасыратыны жоқ, осылай күз болғаннан кейін, жинау жұмыстары созылып кеткеннен кейін, әрине, сапасы төмендеді. Ол әңгіме кеше болды, мысалы, біздің жиналыста. Біздің азық-түлік корпорациямыз оның ішінде бесінші класс бар, тағы да арпа бар, бес жүз мың тонна алатын жоспарлары бар. Бес жүз мың тонна ғой?
Ауа райының қолайсыздығына байланысты шаруалар орақ науқанын уақытылы аяқтай алмауда. Тиісінше, алынған несиелерін қайтара алмай әлек. Осы орайда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев Үкімет пен «Қазагро» холдингінен шаруаларға берілген несие мерзімін ұзарту мәселесін қарастыруды сұрады.
Рахым Ошақбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:
Ауыл шаруашылығы өндірушілері өз міндеттемелерін уақытылы орындай алмаулары мүмкін. Бұл биылғы жылғы астықтың сапасыздығымен байланысты болып отыр. Осы себепті біз Ауыл шаруашылығы министрлігінен, «Қазагродан» және Үкіметтен несиені өтеу мерзімін ұзарту мәселесін қарауды сұраймыз. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктерді де орын алған жағдайға түсіністікпен қарауға үндейміз.
Алайда «Азық-түлік корпорациясы» басқарма төрағасының орынбасары Сәбит Қашқынбаев бұл бастаманы қолдамады. Оның айтуынша, шаруалардың қарызы бүгінде 10 миллиард теңгеге жеткен. «Берілген несиені өтеу мерзімін ұзарту, керісінше, диқандардың борыш мөлшерін ұлғайтуы ықтимал. Сондықтан бұндай қолдау шарасынан бас тарту керек», - деді Қашқынбаев.
Сәбит Қашқынбаев, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Меніңше, несие мерзімін ұзарту мәселесін қарастыру тым ерте. Диқандардың жағдайын біліп, түсініп отырмыз. Алайда олардың қарыздары бүгінде 10 миллиард теңгені құрайды. Несие мерзімін созу арқылы шаруаларға көмектесеміз деп ойламаймын. Керісінше, оларды қарызға батыруымыз ықтимал. Себебі олар осы жылы ма, келер жылы ма бәрібір берешектерін жабуы тиіс. Банкрот болмаймыз десе, несиені уақытында жабулары керек.
Дерекнамасы: Астана ТВ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: