astana-view

Ғани Қасымов кәсіпкерлікке кедергі келтіретін басты 5 меморганды атады

2014 жылғы 29 Қазан
2168 просмотров

Кәсіпкерлікке кедергі келтіретін мемлекеттік органдар арасында жер қатынастары бөлімі көш бастап тұр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы  ҰКП өкілі - Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Ғани Қасымов айтты.

«Кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне әкімдіктер жанындағы жер қатынастары бөлімі барынша кедергі келтіруде. Ал екінші орында Сәулет және қала құрылысы басқармасы тұр. Бұл салада да шешілмеген мәселе көп», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, үшінші орында салық органдары болса, одан кейінгі орынға мемлекеттік және ұлттық компаниялардың сатып алуларына жауапты органдар тұрақтаған.

«Бестікті табиғи монополия тұйықтайды», - деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі.

Ғ.Қасымовтың сөзіне қарағанда, 1 жылдың ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкердің құқын қорғау бойынша 3500-ге жуық шағым түскен. Оның 1200-і ҰКП орталық аппаратына, 2200-і өңірлік кәсіпкерлер палатасына жолданған. Бұл шағымдардың 30 пайызы оң шешімін тапқан.

«Кәсіпкерлер арызының 20 пайызы жер қатынасы, сәулет-құрылыс мәселелеріне, 11 пайызы салық саласына қатысты», - деді ол.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер