astana-view

Кәсіпкерлер құқығын аяқ асты ететін шенеуніктердің аттары жария етіледі

2014 жылғы 29 Қазан
2333 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Ғани Қасымов мәлімдеді.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі қорытынды брифинг өткізді.

Кеңес мәліметінше, жыл басынан бері 3500 кәсіпкерден арыз түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп көрсеткіш.

Шағымданушылардың дені – жер-қатынастары мен сәулет-құрылыс мәселесіне наразы. 11 пайыз кәсіпкер елдегі салық салу саласына көңілі толмайды.

Өзге арыздарда кәсіпкерлер мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың сатып-алу жүйесіндегі шикілікті айтып шағымданған.

Дерекнамасы: Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер