astana-view

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

2014 жылғы 07 Қараша
2589 просмотров

Шығыс Қазақстан облысында ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің ХІ отырысы өтіп, отырыс барысында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумқа қол қойылды. Тараптардың айтуынша, бұл келісім жергілікті бизнесті қолдауға бағытталған.

«ШҚО-да халықтың 32%бизнеске тартылған. Облыста тұрақты негізде ісін бастаушы кәсіпкерлерге де, ірі кәсіпорындарға да қолдау жүргізіледі. Біз осы бағыттағы жоспарлы жұмысты жалғастырып жатырмыз. Меморандум облыстағы кәсіпкерліктің өсу негіздері мен одан арғы дамуына негіз қалыптасуы бойынша бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл құжатқа қол қою Елбасының Жолдауында және «Қазақстан – 2050» стратегиясында алға қойған міндеттерін іске асыруға көмектесетін болады», - деп атап өтті ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.

Меморандум кәсіпкерлікті дамыту үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру бойынша білескен және келісілген әрекеттерді көздейді. Басқаша айтқанда, бизнес-орта үшін, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жағымды климат құруға көмектеседі.

Келісім туралы құжатқа қол қоюдан өзге, жергілікті бизнесті қолдау бойынша тағы да бір жақсы жаңалық белгілі болды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жақын арада облыстың аудандары мен қалаларында Кәсіпкерлер үйлері ашылмақшы.

«Мұнда кешенді бизнес-қызметтер көрсетіліп, кәсіпкердің бизнесін дамытуға көмектесетін барлық құрылымдар бір жерге біріктірілетін болады», - деп хабарлады ШҚО КП директоры Игорь Шацкий.

Кеңесте сонымен қатар әкімшілік кедергілер, егістікті жинау проблемалары, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алулар, ветеринария, экологиялық үстеме төлеулер, АӨК бойынша мәселелер көтерілді. Облыс әкімі өз кезегінде жетекшілік етуші ведомстволарға қандай да бір мәселелер бойынша түсіндіре отырып, сәйкес тапсырмалар берді.

Өңірлік кеңестің бір жыл бұрын құрылып, құрамына өңірдегі негізгі және басты салалар өкілдері, жалпы 30 адам кіргенін айта кету керек. Оған шағын және орта бизнестің 17 өкілі, ірі бизнестің 8 мүшесі кіреді, қалған бесеуі қауымдастықтар өкілдері болып табылады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер