astana-view

Қазақстанда кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бірыңғай бағдарлама қабылданады

2014 жылғы 10 Қараша
2317 просмотров

Елімізде келер жылдан бастап кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бірыңғай бағдарлама қабылданады.

Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар брифингінде мәлімдеді. Оның айтуынша, ел өңірлерінде мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жұмысы үйлестірілмеген. Сол себепті кәсіпкерлерге құжат жинау жөнінен енді бір ғана оператор қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына тағы да бірқатар өзгерістер енгізілмек.

Нұржан Әлтаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

- Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында қағазбастылыққа әлі де жол беріліп отыр. Қазіргі таңда біз, Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстанның даму қоры, «Бәйтерек» холдингімен бірге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Құжатта мемлекеттік қолдау көрсету мерзімдері қайта қарастырылады.

Жалпы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында сомасы 1 трлн теңгені құрайтын 4,5 мың несие шарты келісілген. Ел кәсіпкерлері көп жағдайда өндеу өнеркәсібіне қызығушылық танытады. Сонымен қатар, көлік саласы мен заттарды қаптау, жинақтау ісі де пайдалы кәсіптер қатарында.

Источник: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер