astana-view

2015 жылы бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы қабылданады

2014 жылғы 10 Қараша
2176 просмотров

2015 жылы бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Бүгінде мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы келесі жылы бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдау бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Тағы бір мәселе, өңірлердегі бюрократияға қатысты болып отыр. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар жұмысының үйлеспеушілігі байқалады. Бұл ретте «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізу бойынша Ұлттық экономика министрлігі, «Бәйтерек» холдингі, «Даму» қорымен бірлескен жұмыс жасалып жатыр. Өзгерістерді көп ұзамай енгізу жоспарланған. Оған сәйкес, мемлекеттік көмекті ұсыну мерзімі қайта қарастырылады», - деді Н.Әлтаев. 

Оның атап өтуінше, бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы 2015 жылы қабылданады. 

«Мемлекеттік қолдаудың барлық түрі бойынша бірыңғай оператор болады, ол кәсіпкерлерге мемлекеттік көмек көрсетеді», - деп толықтырды ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер