Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы халыққа бизнес бастаудың жолдарын үйретпек
Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы халыққа бизнес бастаудың жолдарын үйретеді.
Бүгін брифингте Ұлттық палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осылай деді. Төраға ол үшін «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты кітапты нұсқаулыққа алу керек дейді. Туынды Елбасының тапсырмасымен биыл басылып шыққан еді. Анықтамалық кітапта «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және көптеген мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен бизнес ашудың жолдары қарастырылған.
Абылай Мырзахметов, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы:
- Сондай-ақ бұл жобалар бойынша «Казагро» ауылшаруашылық несие корпорациясының «Сыбаға» бағдарламасына қатысуға болады. Шағын несиелік ұйымдармен де жұмыс істеуге болады. Бірақ оларда бұл сәл қымбаттырақ. Дегенмен, кепілсіз несие алуға болады. Олардың пайызы 25-тен 35 пайызға дейін ломбардтық несие сияқты болмақ. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша 3 млн теңгеге дейін несие алуға болады.
Дерекнамасы: 24kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: