Жұмыс орындарын ашуға қаражат бөлу дұрыс шешім
Күрделі кезеңде кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға қаражат бөлу – бірден-бір дұрыс шешім. Талдықорғандық іскер қауыммен кездескен Кәсіпкерлер Ұлттық палатасы жанындағы кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесінің төрағасы Ғани Қасымов өз пікірін осылай тұжырымдады. Оның айтуынша – қазір бизнеске үлкен мүмкіндіктер туып отыр. Жеңілдетілген несиелер беріліп, түрлі шектеулердің азаюы, кәсіпкерлер құқын қорғау институттарының құрылуы - алаңсыз жұмыс істеуге жол ашуда. Кәсіпкерлер осыны дұрыс пайдаланулары керек.
Ғани ҚАСЫМОВ, ҚР ҰКП ӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Мемлекет басшысы ұлттық қордың не үшін құрылғанын жан-жақты айтып берді. Мүлдем жаңа революциялық бағдарлама алға тартылды. Жұмыс көп болады. Елбасы осындай шешімдерімен - халқына қолдау көрсетіп, алда тұрған экономикалық күрделі жағдайдың қарсаңында үлкен ерлік жасады.
Дерекнамасы: Kazakh TV
Пікір қалдыру:
Пікірлер: