astana-view

Кәсіпкер өз қызметін қорғай білу керек

2014 жылғы 13 Қараша
1998 просмотров

Кәсіпкерлік саласына қатысты көптеген өзекті мәселе бар. Солардың бірқатары кәсіпкерлер мен жергілікті басқару органдары мен жер қатынастарына қатысты. Осы мәселелер Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында талқыланды. ВИДЕО: Шараға Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығын қорғау  кеңесінің төрағасы Ғани Қасымов қатысты.  Басқосуда  облыс көлемінде атқарылған жұмыстар сараланды.  Мәселен, бір жыл ішінде өңірлік кәсіпкерлер палатасына 422 кәсіпкерден  өтініш келіп түскен. Көбіне жер,  мемлекеттік сатып алу бойынша, және рұқсат қағаздарды жеңілдету  сынды  пікірлер айтылған.  Өтініштер 37-сінде бизнес  иелері  құқығын қорғау туралы айтқан.  Соның негізінде сараптама жасалып, 17-сі бизнес иесінің пайдасына шешілді.  Жиында барша  кәсіпкерлерге ортақ мәселелер талқыланды.

ҒАНИ ҚАСЫМОВ ҚР ҰКП КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

АУДАРЫЛДЫ. Біз көтерген мәселелер бойынша қызу пікір талас болды. Соның нәтижесінде кейбір мәселелердің  заңдық және қоғамдық тұрғыда әділ шешімін таптық. Кез келген  кәсіпкер өзін және бизнесін  қорғай алатын  заңдық күші бар мықты құрылым бар екенін  білу керек. Біз  істеп отырмыз.    

Дерекнамасы: Жетісу


Еншілес ұйымдар

Серіктестер