Жаңа жылдан бастап кәсіпкерлерді тексеруге жарияланған мораторий күшін жояды
Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге жарияланған мораторийді жылдан жылға соза берсек, оның кері әсерін көреміз. Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осылай дейді. Айтуынша, мораторий сақталса, кәсіпкерлер арасында бәсекелестік жойылады. Ал ең бастысы - олардың тұтынушылар алдында жауапкершілігі азаяды. Осындай келеңсіздіктерге орын бермеу үшін, мораторийді ұзартпаймыз деді ол.
Еске салсақ, жаңа жылдан бастап кәсіпкерлерді тексеруге жарияланған мораторий күшін жояды. Алайда кейбір бизнес-қауымдастықтар тексерусіз жұмыс істеуге үйреніп қалған сыңайлы.
Абылай Мырзахметов, ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы басқарма төрағасы:
Әрине, бізге қазір кейбір облыстардан кәсіпкерлердің үндеуі келіп түсіп жатыр. Осы мораторийді тағы да созсақ деген. Бірақ мемлекет бар, бизнес бар, одан басқа тұтынушылар қоғамы бар. Тұтынушылар қоғамының мүддесін ойлау керек. Елбасы тек осы мораторийді жария етпей, осы тексерісті түбегейлі түрде реформалау мәселесін тапсырды. Сондықтан қазір мына заң жобасы Мәжілісте. Жаңа жылда мораторийдің уақыты біткенде, жаңа заң жобасы болады.
Дерекнамасы: Астана ТВ
Пікір қалдыру:
Пікірлер: