astana-view

А.Мырзахметов: Президент Жолдауының ерте жариялануы халықаралық нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты

2014 жылғы 13 Қараша
2337 просмотров

Президент Жолдауының ерте жариялануы халықаралық нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты, дейді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

«Мемлекет басшысы биыл кезекті рет елдің даму бағытын айқындап берді. Біз осы уақытта заманның кейбір қатерлерін оң еңсере отырып, оны керісінше мүмкіндіктер ретінде пайдаланып, өзіміздің даму жолымыздан айныған жоқпыз», - дейді А.Мырзахметов. Оның айтуынша, Президент Жолдауының ерте жариялануы халықаралық нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты болып отыр.

ҰКП басшысының айтуынша, кәсіпкерлік қауымдастық Жолдауды ерекше құлшыныспен қабылдап жатыр.

«Бастысы, әлемдік қатерлер кезінде экономика өсімінің қарқынын бәсеңдетіп алмау керек және қоғамның әлеуметтік ахуалын құлдыратпау керек. Сонымен қатар мемлекеттің қоғам алдындағы басты міндеттері зейнетақы мен жалақы міндеттемелерін қамтамасыз ету керек», - дейді.

А.Мырзахметов нарық тұрақсыздығы кезінде экспортқа бағытталған өнімдер сұранысы туралы айтты.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер мемлекеттің қай тұрғыда қамқорлық танытатынын танып отыр. «Нақты және түсінікті түрде мемлекеттің қолдау көрсету тетіктері мен жағдайлары анықталған. Алға қойылған мақсат та айқын», - дейді Абылай Мырзахметов.

Дерекнамасы: strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер