astana-view

Еліміздің бірнеше облысында алкоголь өнімдері заңсыз сатылуда

2014 жылғы 13 Қараша
2158 просмотров

Алматы қаласы, Қарағанды мен Жамбыл облысында дүкен сөрелерінде заңсыз түрде алкоголь өнімдері сатылып жатыр.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына спирттік өнім шығаратын кәсіпорыннан осындай шағым келіп түскен. Олқылықты жою үшін мамандар еліміздің әр өңірінде түсіндірме жұмыстарын жүргізбек. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлімдеді. Ал шағын және орта бизнеске тексеру жүргізуге мораторий жарияланғалы бері оң өсім байқалуда. Мәселен, бүгінде белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субьектілерінің саны 850 мыңға жетті. Онда 2 млн 800 мың адам еңбек етеді. Келер жылы мараторий мерзімі аяқталса да, жөн-жосықсыз жоспарлы тексерулер болмайды. Тек қажетті жағдайда ғана жүргізіледі.

Нұржан Әлтаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

- 2008 жылы бірінші мараторий жарияланғаннан бері 2013 жылға дейін белсенді жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілері 71%-ға өсіп отыр. Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін адамдардың саны 40%-ға, шағын және орта бизнестің шығарып отырған өнімі 6 есеге өсті. 2014 жылғы мараторийдің нәтижелерін біз әлі келешекте көреміз.

Дерекнамасы: 24kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер